1 мамыр – 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай география пәнінің мұғалімі Канафина А.К. «Қазақстан – достықтың бесігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер әр ұлттың ерекшелігіне тоқталып, әр ұлттың мәдениетін көрсетті.