1992 жылғы 4 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы" және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы" Заңдарға қол қойды. Ал 2007 жылдың 4 маусымында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.