Халықаралық мүгедектер күнін 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады және жыл сайын 3 желтоқсанда бүкіл әлем бойынша атап өтіледі. Бұл күн мүмкіндігі шектеулі жандардың интеграциясына қатысты маңызды мәселелерді шешу үшін жұртшылықтың қолдауын жұмылдырады. 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында колледж базасында қайырымдылық жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары, спартакиадалар, ғылыми конкурстар мен квизалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар колледж студенттеріне арналған кітап терапиясы өткізілді.