🗞️11.10.2023 Астана қалалық полиция департаменті колледжде «Интернеттегі алаяқтық» тақырыбында дәріс өткізді. Департамент қызметкерлері студенттер мен оқытушыларды киберқылмыскерлерге қарсы күресте қорғау әдістерімен және әрекеттер алгоритмімен таныстырды. Әрбір студент кітапша алып, сұрақтар қоя алды.


