Біздің колледждің студенттері Жауынгерова Мөлдір және Жұмабекова Айым Нұр-сұлтан қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасындағы "NUR-SULTAN DEBATE CUP-2022"дәстүрлі дебат турнирінің жүлдегерлері атанды. Аталған турнирдің мақсаты-жастардың бәсекеге қабілеттілігін, тұлғалық өсуі мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Турнир Жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығы тақырыптарын қамтыды.

