🗺️2023 жылдың 17 мамырында «Туризм» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Б. М. Тайпакованың қолдауымен «Әртүрлі = Тең» қалалық тур ұйымдастырылды. Бұл шараның идеясы «Туризм» мамандығының 2 курс студенті Тулеубаева Тамилаға тиесілі. Бұл жобаның негізгі мақсаты мен міндеті қалада және елде кедергісіз туризмді дамыту, өйткені біздің заманымызда «Саяхат» сияқты тамаша ұғым баршаға ашық болуы керек! Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Айланд» аквариумы, Есіл өзенінің жағасында қайықпен серуендеу, орталық саябақта серуендеу сияқты орындар сапар нысандары болды.