🏆2-16 қазан аралығында ағылшын тілі мұғалімдері «Smart One 2023» байқауын ұйымдастырды. Байқау колледж әкімшілігінің және колледж директоры Г.С.Жанаеваның жеке қолдауымен өткізілді.Бұл байқаудың мақсаты: Аударма мамандығы бойынша ең эрудитті студентті анықтау. Жарыс қорытындысы: 1 орын – Имир Жанель (ПД-12 тобы), 2 орын – Тайжан Жания (ПД-21 тобы), 3 орын – Исмаилова Эмилия (ПД-24 тобы). Жеңімпазға 50 000 теңге, 2 және 3 орынға ағылшын тілінің грамматикасы бойынша кітаптар сыйлыққа берілді.
