Практикалық тәжірибе болашақ мамандарды сапалы дайындаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Практика оқу барысында алынған ғылыми-теориялық білімдерді бекітуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Біздің колледж әртүрлі ұйымдармен келісім-шарт негізінде тәжірибе базаларын ұсынады. Осындай ұйымның бірі - Pane Vino мейрамханасы. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенттері итальяндық тағамдарды дайындау дағдыларын меңгеріп, білімдерін көркейтеді.