2022 жылдың 20 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері арасында «Үздік жас маман» қалалық байқауын өткізді. Байқау жас мамандар арасынан дарынды, шығармашыл ұстаздарды анықтау мақсатында өткізілді. Арнайы пәндер оқытушысы Есеноманова М.С. қалалық «Үздік жас маман» байқауында гран-при иеленіп, жүлделі орын – планшеттік нетбукпен марапатталды.