Жұмыспен қамту

Колледждің оқу процесіне әлеуметік серіктестерді тарту бойынша оң жұмыс тәжірибесі бар, бұл білім беру бағдарламаларын табысты іске асыруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар өкілдері практикаға жетекшілік етіледі, сондай-ақ оқу сабақтарын жүргізеді. Мысалы: «Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ, «A-Diplomat» ЖШС-пен оқу жоспары бойынша тәжірбиелік оқыту кәсіпорындарда ашылған оқу кабинеттерінде жүргізіледі.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға әлеуметтік серіктестер тартуды жандандыру және өзара ынтымақтастықты жүйелі негізде жалғастыру үшін әлеуметтік серіктестер өкілдерінің қатысуымен кездесулер, келіссөздер циклдары, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жүргізілуде.

«Балам-ай» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚҚ, «A-Diplomat» ЖШС мамандықтар бойынша кәсіптік практика өткізудің негізгі базалары болып табылады. «A-Diplomat» ЖШС ТҰ (Тамақтандыруды ұйымдастыру), МБ (Мейманхана бизнесі), ТР (Туризм) мамандықтарына жабдықталған кабинеттерді тегін бөліп берді.