🏫4 сәуір күні колледжімізде ерекше білім беруді қажет ететін студенттер үшін Ашық есік күні өткізілді. Колледж әкімшілігі мен оқытушылары келген қонақтарға мамандықтар туралы кеңінен айтып, колледжге экскурсия жасады. Сондай-ақ, әрбір қонақ өз сұрақтарын қойып, колледж мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат ала алды.