Табиғатқа , туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, колледж студенттерінің білімі мен зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Балмағамбетова Гульнар Сабиевнаның жетекшілігімен ашық сабақ ұйымдастырылды . Сабақ барысында топтардың құрама командалары “Қазақстандағы Экотуризм,Жаһандық экологиялық проблемалар” тақырыбындағы сұрақтарға жауап беріп , өздерінің эко-жобаларын ұсынды. Ойын соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.