📜2024 жылдың 20 ақпан күні «Қазақстандық Швейцария-Американдық колледжінде» «Кәсіби білім беру ұйымында инклюзивті ортаны қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу процессін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Бұл семинарға Астана қаласының «Техникалық және кәсіптік білім беру» колледждерінің директор орынбасарлары мен оқытушылары қатысты. Жиналған қауымға ең алдымен инклюзияны қолдау кабинетін көрсетіп, таныстырудан басталды. Ондағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен таныстырдық. Семинар-практикумды колледж директоры Жанаева Гуль Сайлауовна өзі сөз сөйлеп бастады. Жиналған қауымды төрт топқа бөліп тренинг-практикумнан бастадық. Әр топ диагноздар бойынша бөлінген, соған қарай практикалық жұмыстар жасалды. Колледждің әкімшілігі, оның ішінде инклюзияны оқыту менеджері Жолдабекова Алтынай Асылбековна, оқу-әдістемелік жұмыс бойынша директор орынбасары Егешова Анара Еркиновна, әдіскер Жантаева Дана Талғатовна, тьютор-педагог Имирова Гюзял Молотовна, сурдоаудармашы Омарова Айнур Жаныбековна сабақ беру әдістемелерімен, жаңашыл инновациялық тәсілдермен, балаларды әлеуметтік бейімдеуге, бала бойындағы кедергілерді жоюға, тұлға ретінде қалыптасуына, олардың жетістіктері туралы көптеген жаңалықтар мен материалдармен бөлісті. Осындай қалалық, облыстық деңгейлерде өтетін семинарлар рөлі өте зор. Өйткені білікті мамандар білгенімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, ерекше білімді қажет ететін жастардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге болады. Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістер тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да жақсы жаққа өзгереді.