Сәуірдің 8-і күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК қолдауымен «Мамандықтар барлық уақытта» атты қалалық шеберлік сабағын өткізді. «Қоғамдық тамақтандыру» мамандығы, техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.Бұл шараның мақсаты ТжКБ әлеуметтік серіктестерінің тәжірибесін хабарлау болды.