🧩13 наурыз күні оқытушылар Купанова Салтанат Ахметалиевна мен Байбакирова Салтанат Жумабековна 1 курс студенттері арасында «Наурыз-жыл бас» зияткерлік турнирін өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – шығармашылық қабілеттерін дамыту, қызығушылық пен туған жеріміз және Қазақстан тарихы туралы көбірек білуге құштарлық. Турнир қорытындысы: 1 орын – Мейрам Ғазиза, Тұрғазы Айдана, Азаматұлы Сұлтан (ПД-11 тобы); 2 орын – Мұхамеджан Темірлан, Жағыпберов Асылмұрат, Қапан Ерболат (ГК-11 тобы); 3 орын – Қуанышев Еркебұлан, Қайырханов Темірлан, Олжабекұлы Ералы (ГК-11 тобы).