💃🏻23 ақпанда Менеджмент, бизнес және білім колледжінде «Өз жолыңмен биле!» хореографиялық өнер байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – дарынды, болашағы зор жастарды анықтау және жан-жақты қолдау болды. KSA колледжінің атынан бірінші курс студенттері Таржуманян Жасмин және Елькина Милана (ТР-14 тобы) қатысты. Оқушылар белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.