Өндірістік оқыту

Өндірістік оқыту-бұл білім алушылардың теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын білім беру ұйымдары немесе кәсіпорындар базасында алуға бағытталған оқыту (ҚР Еңбек кодексінің 116-бабы). Өндірістік оқыту және кәсіптік практика дуальды оқытуға жатады және дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2023 оқу жылынан бастап "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша "Балам - ай мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қоры" ҚҚ базасында Дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын базасында оқыту ұйымдастырылып, екі оқу кабинеті жабдықталды. Осылайша, өндірістік оқыту студенттердің дайындық сапасын жақсартуға көмектеседі.
Жалпы, колледжде өндірістік практиканы ұйымдастырудың қалыптасқан жүйесінің болуы, практика базаларын мұқият іріктеу, практика жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейі, студенттердің практикада субъективті ұстанымын қалыптастыру студенттердің кәсіби қалыптасу процесін тиімді жүзеге асыруға, кәсіби дағдыларды кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік береді.